Сапар барысында шипажайлық-курорттық қызметті дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ шипажайлық-курорттық демалыстың сапасын жақсарту бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланды. Басшы «Қазақстан» шипажайының жұмысын мұқият зерделеп, тиісті ұсыныстар беріп, «Машук» акватермінде және КМС басқа да шипажайлық-курорттық кешендерінде болды.
Одан өзге, Бауыржан Бірбаев барлық бөлім басшыларымен әңгімелесті, оның барысында жұмысты жетілдіру жоспарлары белгіленді. Президент қызмет көрсетуші персонал мен медицина қызметкерлерінің жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. Ол сондай-ақ демалушыларды Қазақстан мәдениетімен, Республиканың туристік әлеуетімен таныстыруды жалғастыру, сондай-ақ Қазақстанның инновациялық жетістіктерін көрсету қажеттігін атап өтті.
Сапарды қорытындылай келе, кеңес түрінде нұсқаулар беріп, шипажайлық-курорттық демалыстың сапасын арттыруға және демалушыларды Қазақстанның мәдениетімен, туристік әлеуетімен және инновациялық жетістіктерімен кеңінен таныстыруға бағытталған жұмыс жоспарын ұсынды. Кездесуге қатысушылар мұндай өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді және перспективалы болатынына сенім білдірді.