Басты бетАэрофитотерапия: денсаулық тынысы

Аэрофитотерапия: денсаулық тынысы

Аэрофитотерапия: денсаулық тынысы Аэрофитотерапия: денсаулық тынысы Аэрофитотерапия: денсаулық тынысы

Аэрофитотерапия – өсімдіктер бөлетін хош иісті құрамдармен, яғни эфир майларымен байытылған ауаны қолдануға негізделген емдік-профилактикалық әдіс.

Бұл майлардың пайдалы қасиеттері өте көп: олар бактерияға қарсы, қабынуға қарсы, қалпына келтіретін, тыныштандыратын әсерге ие. Ұшпа хош иісті қосылыстарды ингаляциялау ағзаның вирустарға төзімділігін арттырады және психоэмоционалды жағдайға пайдалы әсер етеді.

Аэрофитотерапиялық сеанстар үшін жеке эфир майларын да, олардың комбинацияларын да қолдануға болады, мұндағы емдік қасиеттер бір-бірін күшейтеді.

ПРОЦЕДУРА ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Аэрофитотерапия арнайы жабдықталған бөлмеде өткізіледі. Сеанс барысында ауаға дәрілік өсімдіктерден алынған эфир майлары (жеке немесе үйлестірілген қоспалар түрінде) шашылады. Пациент тыныш жағдайда отырып, хош иісті, емдік қасиеті бар ауаны баяу тыныс арқылы ішке тартады. Бір сеанс шамамен 15-30 минутқа созылады.

КУРСТЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ

Емдеу курсы әдетте 8-10 сеанстан тұрады. Сеанстар күн сайын немесе күнара өткізіледі. Майлардың құрамы мен емдеу ұзақтығы әр адамның денсаулық жағдайына және қажеттілігіне байланысты жеке таңдалады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР

Аэрофитотерапияны бастамас бұрын міндетті түрде дәрігер кеңесін алу қажет. Процедура мына жағдайларда ұсынылмайды:

• бронх демікпесі (астма);

• эфир майларына жеке төзбеушілік;

• тыныс алу жолдарының жедел қабыну аурулары;

• жүктілік (кейбір майлар үшін).