Басты бет«Қазақстан» шипажайының ерекшелігі

«Қазақстан» шипажайының ерекшелігі

«Қазақстан» шипажайының ерекшелігі

«Қазақстан» шипажайы Ставрополь өлкесіндегі федералды маңызы бар курорттар тобы – Кавказ Минералды Суларының құрамына кіретін Ессентуки курорттық қаласында орналасқан. Атаудың өзінен бұл аймақ ерекше минералды сумен танымал екендігі түсінікті.

«Ессентуки» суының дәмі мен емдік қасиеттері бойынша аналогы жоқ. Ол аурулардың әсерлі тізімін: асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, семіздік, зат алмасудың бұзылуларын емдеу үшін қолданылады.

«Қазақстан» шипажайы 7,7 га аумақта орналасқан, бір мезгілде 186 демалушыны орналастыра алады.

Емдеудің жеке сипаты біздің медициналық және шипажайлық-курорттық қызметтеріміздің басты айырмашылығы. Шипажайлық-курорттық емдеу әртүрлі профильдер бойынша табиғи, климаттық және басқа да емдік факторларды пайдалана отырып жүзеге асырылады, соның ішінде: ас қорыту, зат алмасу, қан айналымы жүйесі, жүйке, тірек-қимыл аппараты және несеп-жыныс жүйелері, тыныс алу органдары, тамақтанудың бұзылуы және т. б. аурулар.

Белсенді демалуға дағдыланғандар үшін тренажерлары бар спорт залы, волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, шағын футбол, теннис корты ойнауға арналған жазғы спорт алаңдары, сондай-ақ қазақ киіз үйі ретінде стильдендірілген дөңгелек пішінді жеке ғимаратты алып жатқан тамаша жабық бассейн жұмыс істейді. Бассейннің диаметрі 22,5 метр, онда гидромассаж қондырғысы, каскадты душ, көтерілетін душ-массаж бар. Арнайы жабдық мүмкіндігі шектеулі жандарға бассейнге кіруге мүмкіндік береді.