Басты бет«Қазақстан» шипажайында алғашқы «Денсаулық туралы әңгіме» өтті

«Қазақстан» шипажайында алғашқы «Денсаулық туралы әңгіме» өтті

«Қазақстан» шипажайында алғашқы «Денсаулық туралы әңгіме» өтті

«Қазақстан» шипажайында алғашқы «Денсаулық туралы әңгіме» өтті. Ол 14 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орайластырылған және осы аурумен ауыратын науқастарды оңалту мәселелеріне арналған.

Зат алмасу ауруларын емдеу – «Қазақстан» шипажайының негізгі бейіндерінің бірі. Қонақтармен кездесуде шипажай дәрігерлері шипажайда қолданылатын қант диабеті мен қатар жүретін ауруларды емдеу әдістері туралы айтып, тамақтану және жалпы өмір салты бойынша ұсыныстар берді. Іс-шарада денсаулықты сақтау үшін назар аударуды қажет ететін қант диабетінің себептері мен қауіп факторлары қарастырылды

«Денсаулық туралы әңгімелер» – бұл шипажайдың өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салты идеясын таратуға қосқан үлесі. Денсаулық тақырыбында әңгімелесулерді тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

Қант диабетімен ауыратын науқастарды оңалту туралы толығырақ 8 (87934) 99367. телефоны бойынша шипажайдың медтіркеуінен білуге болады.