Басты бетПайдалы әдеттер

Пайдалы әдеттер

Пайдалы әдеттер
Күн сайын біз көптеген бұзушылық факторлардың әсеріне ұшыраймыз: стресс сеземіз, дұрыс тамақтанбаймыз, аз қозғалатын өмір салтын ұстанамзы, аз ұйықтаймыз және т.б..  Нәтижесінде біздің денсаулығымыз күн сайын нашарлайды. Өмір сүру сапасын қиындықсыз жақсартуға көмектесетін пайдалы және қарапайым әдеттер бар. Суды көп ішіңіз Күнделікті кем дегенде сегіз стакан су ішу керек. Су көптеген физиологиялық процестерге қажет және энергияның маңызды көздерінің бірі болыпе табылады. Суды ұсынылған мөлшерде ішу арқылы Сіз салауатты өмір салтына бір қадам жақындайсыз. Жемістер мен көкөністер жеңіз Жемістер мен көкөністер адам ағзасын жалпылай күшейтетін және толыққанды зат алмасу үшін қажет дәрумендерге бай. Жаңа піскен көкөністер мен жемістердің құрамына кіретін минералдар адамның өмірлік маңызды органдарының жұмысына оң әсер етеді. Ұйқыңызды қандырыңыз Егер тым аз ұйықтаса, кортизол саны жеткілікті шығарылмайды. Бұл гормон иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі, ағзаның энергия қорының реттелуі үшін қажет. Күн сайын серуендеңіз Серуендеу кезінде өкпенің желдетілуі екі есе артады, ал дененің оттегімен жоғары қанығуы қан айналымына оң әсер етеді. Таза ауда серуендеу көңіл-күйді көтереді, Сіз тыныштық пен қоршаған әлеммен ұйлесімдік сезімін аласыз. Спортпен шұғылданыңыз Қартая келе біз бұшық ет массасын жоғалтамыз. Бұл табиғи қартаю процесі. Сондай-ақ жас ұлғая келе сүйектің сепрпінділігі жоғалады. Алайда, біз үнемі спортпен үнемі  айналысып, бұл процестерді бәсеңдете аламыз. Кітап оқыңыз Оқу стресстік жағдайларға қарсы тұруға көмектеседі. Бұл бізді көптеген белгілі аурулардан сақтайды. Кітаптар миды жақсы қалыпта ұстайды. Ұйықтар алдында кітап оқу  тыныштандырады. Ұйқыны жақсартады және барынша сау ұйқы болуына ықпал етеді. Өз бойыңызда пайдалы әдеттер дамытыңыз және сау болыңыз!