Біз демалушыларымызға тиімді процедуралардан тұратын медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынуға қуаныштымыз.
Біз бүгін қандай процедуралардың барынша сұранысқа ие екенін және олардың танымалдығының құпиясы неде екенін айтып береміз.
Балшықпен емдеу процедуралары барынша танымал болып табылады. Емдік балшықтар – бұл адам ағзасына үлкен пайда беретін табиғат сыйы. Процедураларды жіберу үшін біз Тамбукан көлінен әкелінетін және біздің меншікті қоймамызда сақталатын сульфидті лайлы балшықты пайдаланамыз. Бұл балшықтың ол алынғаннан бастап, оны емдеу мақсатында пайдаланғанға дейін табиғи қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Балшық
процедуралары бүкіл ағзаға жалпы жақсы әсер етеді: ауырсындырмау әсерін береді, қозғалыс белсенділігін, бұлшықтар тонусын қалпына келтіреді, созылмалы процестерді төмендетуге және жоюға ықпал етеді, ағзаның қорғаныс функцияларын арттырады, терінің сырт бейнесін жақсартады. Бұдан өзге, тамбукан балшығы пеницилинмен бара-бар микроорганизмдерден тұрады, оның микробқа қарсы әсері осыған байланысты.
Танымалдық рейтингіндегі тағы да бір көшбасшы –
«Магнитотурботрон». Бұл аппараттағы процедуралар түрлі ауыруларды емдеуге және магниттік алаң көмегімен түрлі ауырулар профилактикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Ықпал адам ағзасында құйын алаңы қалыптасатынына байланысты, бұл күшейтілген микроциркуляцияға әкеледі, энергия алмасу процестерін күшейтеді. Ықпал етудің: тереңдіктің белгілі көрсеткіштерінен бастап, жалпы ағзаға толық ықпалға дейінгі кең мүмкіндігі аппараттың басымды артықшылығы болып есептеледі. Құрылғы өзге емдеу әдістерінен осымен ерекшеленеді. Өйткені мәні бойынша магниттік алаң – барлық жерге өтпелі.
Гирудотерапия – бағзы мерзімнен белгілі әдіс, көптеген ауыруларды емдеу барысындағы өз тиімділігін дәлелдеді. Сүлікті қолдануды жүзден астам ферменттерден тұратын екпемен салыстыруға болады.
Гирудотерапияның емдік әсері регенерациялық процестердің, детоксикацияның, жалпы тонустың артуының жылдамдауымен белгіленеді. Ұзаақ мерзімді терапия қыспалар мен спазмдардан құтылуға, ісікті жоюға, ұзақ ауырудан соң иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі. Гирудотерапия остеохондроз, артрит, остеоартроз, тамырдың варикозды кеңеюі, геморрой, асқазан-ішек трактының, терінің көптеген ауырулары , урология және гинекология және басқаларының барысында кеңінен қолданылады.
Лимфопресстік терапия – бұл ағза тіндеріндегі лимфа тогының қалпына келтірілуіне бағытталған аппараттық массаж түрі. Массаждың бұл аппараттық түрін пайдалану лимфа мен қанның белсенді циркуляциясына, ісіктің азаюына, тамыр ағысы қалпына келуіне, ағзаның тазаруына, салмақтың төмендеуіне, тері созылмалығының жақсаруына, целлюлитті жоюға, су балансының қалпына келуіне, тін және клеткалар тонустарының артуына ықпал етеді. Озондық терапия (озонды қышқыл газ қоспасын енгізу). Ауырулардың кең қатарын емдеудің заманауи әдістерінің бірі озондық терапия. Ғылыми деректер бойынша озон адам ағзасына бактерицидті, вирусқа қарсы, иммуномодульдеуші, жарақатты жазатын, жасартатын құрал ретінде ықпал етеді. Озон көптеген ауыруларды қоздырушылармен тиімді күреседі, қанды оттегімен қоректендіреді, токсиндерді шығарады, иммунитетті нығайтады. Озон қышқыл қоспасыны ықпалының арқасында гормоналдық жүйе тепе-теңдігі қалпына келеді, сондай-ақ барлық оттегіге тәуелді процестер белсендіріледі.