Біздің қонақтардың ең сүйікті істерінің бірі – бассейнде жүзу. Заманауи, кең (диаметрі 22 м), панорамалық терезелері бар, сәулеттік формасы бойынша ерекше: оны аймақтың басқа бассейндерімен шатастыра алмайсың.
Бассейн каскадты және көтерілетін душпен, гидромассаж қондырғысымен жабдықталған. Құрылғыда балаларға арналған шомылу аймағы бар.
Судың температурасы жайлы 28 градус деңгейінде сақталады, бұл осы шипажайлық-курорттық процедурадан сауықтыру әсеріне қол жеткізуге көмектеседі.
Емдік жүзу барлық бұлшықет топтарының дамуына, буындардың нығаюына және дұрыс қалыптың қалыптасуына, сколиоз мен остеохондрозды емдеуге ықпал етеді. Үнемі барған кезде жүрек – тамыр және жүйке жүйесі күшейеді, тыныс алу органдарының қызметі жақсарады. Сондай-ақ, өнімділік деңгейі, суыққа төзімділік жоғарылайды, иммунитет күшейеді.
Бассейнде күн сайын 45 минут болу шипажайдың барлық емдеу-сауықтыру бағдарламаларына енгізілген. Су процедураларынан кейін қонақтарды шезлонгтары бар демалыс аймағы және сессияға кіретін сауна күтеді.
«Қазақстан» шипажайында емдік жүзу біздің қонақтарымызға денсаулық үшін ғана пайда әкеліп қоймай, рахат сезімін, эстетикалық жайлылық әкеледі.