Басты бетГирудотерапия

Гирудотерапия

Гирудотерапия

«Қазақстан» шипажайында жоғары тиімді заманауи емдеу әдістері кеңінен қолданылады. Гирудотерапия — солардың бірі.

Медициналық сүліктерді жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйелерінің, асқазан-ішек жолдарының әртүрлі ауруларында қолдану ұсынылады. Олар тірек-қимыл аппаратының патологиясы, урологиялық, гинекологиялық, проктологиялық аурулары, тері, көз және лор органдарының аурулары бар науқастардың жағдайын жеңілдетеді.

Гирудотерапияның жанама нәтижелері жоқ, оның қарсы көрсетілімдері өте аз. Сүліктер денеге қауіпсіз әсер етеді, баға жетпес пайда әкеледі. Сеанс кезінде адамның қанына 100-ден астам табиғи емдік заттар: гормондар, ферменттер, дәрумендер мен аминқышқылдары енетіні дәлелденді. Бірде-бір дәрі-дәрмектің мұндай ерекше емдік қасиеттері жоқ.

Гирудотерапия:

  • Кан ағымы мен қан сапасын арттыруға
  • Iсіну мен веноздық тоқырауды жоюға
  • Иммунитетті күшейтуге
  • Ағзаны токсиндерден тазартуға
  • Зат алмасуды белсендіруге
  • Атеросклероздың дамуын бәсеңдету
  • Бет пен дененің терісін жасартуға қабілетті

Сізге гирудотерапия курсы қажет пе, жоқ па, соны анықтау үшін шипажайда —дәрігер-гирудотерапевтпен кеңесу көмектеседі.