Медициналық туризмді дамыту шеңберінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы ведомстволық бағынысты ауруханалар мен шипажайларда емдеу мен сауықтырудың жаңа тәсілін іске асыруда. «Oqjetpes» бірыңғай операторы пациенттерге сауығу жолында жан-жақты қолдау көрсетеді, жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Бірыңғай оператордың құрамына Медициналық орталықтың ауруханалары мен шипажайлары: Астанадағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы, Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана, Ресейдегі «Қазақстан», Қазақстандағы «Оқжетпес» және «Алматы Resort» шипажайлары кіреді. Бұл мекемелер шетелдік медициналық туристерді тартатын JCI және EuroSpa сапа стандарттары бойынша сертификатталған.
Тәуліктің кез келген уақытында Бірыңғай оператордың колл-орталығына хабарласып, шетелдік қонақтар медициналық қызметтер бойынша жедел кеңес ала алады, тексеруге жазыла алады, емдеу және демалу үшін қолайлы күндерді таңдай алады. Сондай-ақ қосымша сервис – трансфер, визаларды дайындау, әуе және теміржол билеттерін іздеу, аудармашы қызметтері және экскурсиялар ұсынылады.
«Oqjetpes» бірыңғай операторының Call-center-і: +7 (7172) 74-95-15, +7 700 074 95 15
Электрондық пошта: medtourbron@okzhetpes-esk.kz