Қазақтың ұлттық колориті Кавказда орналасқан шипажайдың артықшылығына қалай айналғанын біз Ессентуки курорт-қаласындағы «Қазақстан» шипажайының директоры Елтай Асқаровтан сұрадық.
– Бүгінгі күні Сіз Ессентукидегі шипажайды басқарып отырсыз, ал бірнеше жыл бұрын Қазақстанда тұрып, жұмыс істедіңіз. Басқа елге көшуге қалай шешім қабылдадыңыз, шипажайды Сіз қанша жылдан бері дамытып келесіз?
– Менің Ессентукимен және «Қазақстан» шипажайымен танысуым 2016 жылы болды. Бұған дейін біздің шипажай ведомстволық бағынысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жүйесінде жұмыс істеген едім. Шипажайлық-курорттық салада жұмыс істеген маған ұнайтын, сондықтан бір жылдан кейін мен шипажай директорының орынбасары лауазымын басшылық лауазымға ауыстырдым. Содан бері біз осы тамаша ұжыммен бірлестікте шипажайымызды дамытып келеміз.
– Осы уақыт ішінде шипажайда не өзгерді?
– Әрине, осы жылдар ішінде көп нәрсе жасалды: бұл емдеудің инновациялық әдістерін де енгізу, медициналық жабдықтарды да жаңарту, инфрақұрылымды да жаңғырту және тамақтану қызметін де жетілдіру.
Мәселен, өткен жылы остеоартритпен және қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу әдістемесі, бауырдың метаболикалық зақымдануы бар науқастарды оңалту технологиясы әзірленді. Медициналық қызметтердің спектрі мен сапасын кеңейту үшін оксигенотерапияға арналған аппарат, эндоскопиялық зерттеулерге арналған
гастровидеоскоп, «Авантрон» физиотерапиялық аппараты және «Лазмик Гинеколог» лазерлік терапия аппараты сатып алынды. Одан өзге, біздің қызметкерлер үнемі біліктілігін арттырып, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қолдайды.
Біз сондай-ақ стандартты нөмірлерді жөндедік, спелеокамераны (тұз бөлмесін) және аэрофитотерапия кабинетін күрделі жөндеуден өткіздік. Балалар клубы мен алаңы ұлттық қазақ стилінде қайта жаңартылып, безендірілді.
– Қазақ колориті элементтері бар шипажай өзінің бірегейлігімен назар тартады. Егер Ресей мен Қазақстанның шипажайлық-курорттық емдеудегі дәстүрлерін салыстыратын болсақ, бізді не біріктіреді?
– Біз бәріміз Кеңес Одағында бір мектептен өттік, бір ЖОО-да білім алдық. Демалушыларға шипажайлық-курорттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, олардың денсаулығын қалпына келтіруге және нығайтуға кәсіби көзқарас біз үшін ортақ болды және болып қала береді.
– Шипажайдағы ұлттық колорит элементтеріне Қазақстаннан келген қонақтар мен ресейлік туристер қалай қарайды?
– Әрине, қазақстандықтарға интерьердегі таныс ою-өрнекті көру, диетаны қазақ асханасының тағамдарымен толықтыру өте ұнайтыны таңқаларлық емес. Сонымен қатар, біздің қонақтарымыздың көпшілігі – ресейліктер, олар өздерін өте жайлы сезінеді және көрші елдің мәдениетіне тән бөлшектерге қызығушылық танытады. Жалпы айтқанда, Кавказ үшін әртүрлі мәдениеттер мен халықтар достығы – бәсекелестік артықшылық және үлкен құндылық болып табылады.
Мен демалушылармен жиі сөйлесемін және олардың демалу туралы алған әсерлерін өз ауыздарынан естіп, білемін. Олар ұлттық колориттің элементтерін заманауи шипажайға тұтастай және дұрыс түрде енгізуге қол жеткізгенімізді атап айтуда. Барлығы архитектуралық формасы бойынша киіз үй түріндегі бірегей бассейнге таң қала қарайды. Әр жұма сайын ұлттық тағамдардан қуана дәм татады, – айта кетер жағдай, Кавминводтардың басқа жерлерінде сіз диеталық жылқы еті мен басқа да дәстүрлі тағамдардан дәм татпайсыз. Шипажай тұжырымдамасы «суретті өзгертуге», стандартты және шаблоннан демалуға көмектеседі деген пікірлер бар. Әсіресе бір-біріне ұқсас алаңдар мен ойын-сауықтарға үйренген балаларға ұнайды.
– Соңғы жылдары қонақтардың шипажай таңдау тәсілі өзгерді деп ойлайсыз ба? Көптеген демалушылар сіздерге қайта оралады ма?
– Бірінші кезекте, олар ең жақсы ем алатын шипажайды таңдайды. Біздің медициналық базамыз бен білікті мамандар денсаулық жағдайын жақсартуға, жайлы жағдайда рахаттана демалуға көмектеседі деген сеніммен бізге оралады. Біз қонақтарға үлкен көңіл бөлеміз, оларды туғандарымыздай қарсы аламыз. Ұжымның шығыс қонақжайлылығы мен ізгі ниеті – басымдыққа ие. Біз қызметкерлердің қарым-қатынасы туралы көптеген оң пікірлер аламыз, бұл біздің медбикелеріміздің, қызметшілеріміздің, даяшыларымыздың, әкімшілеріміздің үлкен еңбегі.
– Сіз 2023 жылға шипажайды дамыту бойынша қандай бағдарларды қойдыңыз, қазірде не іске асырылды?
– Біз ешқашан қол жеткенмен тоқтап қалмаймыз! Биылғы жылы көмекші репродуктивті технологиялар бағдарламасына дайындық кезінде емдеудің жаңа әдістемесі енгізілетін болады. Сондай-ақ соққы-толқынды терапияға арналған жабдықты және эластографиясы бар сараптамалық сыныптағы жаңа УДЗ аппаратын сатып алу жоспарлануда.
– Қорытындылай келе – шипажайда демалуды және емдеуді жоспарлағандарға Сіз не ұсынар едіңіз?
– Біріншісі – сізді мазалайтын ауруларды емдеуге мамандандырылған курортты таңдап алу. Мысалы, Ессентукиде емдеудің негізгі профилі – асқазан-ішек тракты мен зат алмасулардың бұзылулары екені баршаға мәлім.
Екіншісі – Сізге қолайлы болатын шипажайды таңдау. Егер Сіз жеке тұрғы мен жайлылықты бағалайтын болсаңыз, 2000 емес, 200 адамға арналған шипажайға артықшылық беріңіз. Бұл персоналға әр қонақты жүзбе-жүз тануға, оларды қамқорлық және ықыласпен қамтуға мүмкіндік береді.