Зат алмасу ауырулары
«Қазақстан» шипажайында зат алмасу ауыруларын емдеу терапиялық мақсатта МСК курорттық өңірінің бірегей табиғи факторларын – Тамбукан өзенінің балшығын және ессентукилік минералды суларды пайдалана отырып, іске асырылады. Емдеуде кешенді тұрғы қолданылады, ол бальнеотерапия және балшықпен емдеуден өзге, зат алмасуды қалыпқа келтіретін және адам ағзасының жалпы нығаюына ықпал емдеу және сауықтыру қызметтерінен тұрады.
«Қазақстан» шипажайында зат алмасу патологияларына емдеу мыналардан тұрады:
- Алғашқы қабылдау, консультация жүргізу және әрі қарай дәрігер-курортологтың шипайжайдағы барлық демалыс уақытына ілесе бақылауы.
- Эндокринологтың консультациясы, нәтижелері бойынша маман шипажай жағдайында нақты ем тағайындайды және әрі қарай емделу үшін ұсынымдар береді.
- Диетологтың, физиотерапевтің, медициналық психологтың, сондай-ақ стоматологтың консультациясы.
Емдеу бағдарламасын жасау алдында демалушыға бірқатар диагностикалық процедуралардан, оның ішінде зертханалық және аспаптық зерттеулерден өту қажет.
Зертханалық әдістерге жататыны:
- Қан талдауы (биохимиялық және клиникалық);
- ИФА-диагностика;
- Зәрдің клиникалық талдауы.
Аспаптық зерттеулер әдістерін қолдану мыналардан тұрады:
- Қалқанша без УДЗ және асқазан асты безінің УДЗ.
- Электрокардиография және нәтижелердің мәнін ашу;