«Өмір күші» бағдарламасы онкологиялық аурулары бар адамдар үшін әзірленген. Хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық немесе кешенді емдеуден кейін ұзақ мерзімді қалпына келтіру қажет. «Қазақстан» шипажайында оңалту үшін барлық мүмкіндіктер бар.
Бағдарлама 6-дан 21 күнге дейін созылады және диагностикалық және мына емдеу процедураларының кешенін қамтиды:
- Дәрігер – терапевтің қабылдауы және қысаң мамандық дәрігерлерімен кеңесу;
- ЭКГ;
- Қан мен зәр талдауы;
- MSPRO аппаратында бастапқы тексерудің скринингтік жүйесі;
- Минералды су қабылдау;
- Диеталық терапия;
- Шөптер мен оттегі коктейльдерін курстық қабылдау;
- Фитоаэроионизация;
- Ингаляция;
- Спелеотерапия.
Сондай-ақ бассейнде жүзу, емдік дене шынықтыру және терренкурлер.
Бағдарламаның әсерлері:
- Өзін сезіну мен көңіл-күйді жақсарту.
- Еңбекке қабілеттілік пен өмір сапасын арттыру.
- Медикаментозды емдеу шығындарын азайту.
Бағдарламаның егжей тегжейін медициналық тіркеушіден мына телефон арқылы білуге болады: 8 (8734) 99-367.